Чимаев МакГрегорге жекпе-жек уақытын ұсынды

7 желтоқсан 2021 07:43
©Sportbox

Шведцияда тұратын тегі шешен спортшы Хамзат Чимаев твиттер желісі арқылы екі салмақта UFC чемпионы болған Конор МакГрегорді қайтадан жекпе-жекке шақырды.

"Наурыз, Лондон. Мұны жасайық, бауырым. Патша патшаға қарсы", - деп жазыпты Чимаев.

Мұның алдында ирландиялық жұлдыз Чимаевпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport