Чимаев МакГрегордың шамына тиетін мәлімдеме жасады

© Reuters

Ұлты шешен швециялық UFC файтері Хамзат Чимаев (11-0) промоушеннің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы ирландяилық Конор МакГрегорге (22-6) қарата мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Демалысың қашан бітеді?" - деп жазды Чимаев өзінің Twitter аккаунтында.

Соңғы кездері МакГрегор әлеуметтік желі парақшаларында демалыста түскен суреттерін жиі жариялап жүр. Ал жақында 2,9 миллион еуро тұратын яхтасын көрсетті. 

МакГрегор соңғы рет октагонға 2021 жылдың шілдесінде шыққан болатын. Сол жолы ол америкалық Дастин Порьеден екінші рет жеңілді. Соңғы кездесуде ирландиялық файтер жекпе-жек үстінде аяғынан жарақат алып, соның кесірінен есе жіберді.

Ал Чимаев соңғы кездесуінде бразилиялық Гилберт Бернсті тізе бүктірді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport