Чимаев қазақстандық Шавкат Рахмоновтың әлсіз жағын атады

23 қыркүйек 14:59
©FightTime

БАӘ атынан өнер көрсетіп жүрген швециялық Хамзат Чимаев (13-0) UFC файтерлері туралы ойын айтты. 

Атап айтқанда, Чимаевтан әлеуетті қарсыластарын 10 баллдық көрсеткішпен бағалауды сұрады. Сонда Хамзат қазақстандық Шавкат Рахмоновқа (18-0) бес балл ғана берді. 

"Шавкат - жақсы страйкер, иегі де мықты, соққы көтереді. Бірақ күресі нашар", - деді ол.

Чимаев басқа да файтерлерге мынадай баға берді: Шон Стрикленд - 5, Исраэль Адесанья - 5-6, Роберт Уиттакер - 3-4, Леон Эдвардс - 2-3.

Ал ең жоғары бағаны - 9 балл - ұйымның Чимаев ауыр салмақтағы чемпионы Джон Джонсқа (27-1) беріпті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар