Тегі шешен швециялық файтер Хамзат Чимаев Абу-Дабиде өткен UFC 294 турниріндегі тегі нигериялық Камару Усманмен жекпе-жекте қолын сындырып алыпты. Бұл туралы ол ESPN арнасына берген сұхбатында айтты.
"Борз" (Бөрі) лақап атты Чимаев пен әйгілі Усманның бұл жекпе-жегі орта салмақта өтті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті "Бөріге" берді.
Хамзаттың сөзінше, ол қолын бірінші раундта-ақ сындырып алып, соңына дейін осындай жарақатпен айқасуға тура келген.
Айта кетейік, бұл турнирдің басты айқасында жеңіл салмақта ұйым чемпионы Ислам Махачев аустралиялық Александр Волконавскиді нокаутқа түсірді.