Чимаев әйгілі Усманды жеңсе не болатыны айтылды

12 қазан 2023 17:49
©RingSide24

Тегі шешен швециялық файтер Хамзат Чимаев әйгілі файтер Камару Усманды жеңген жағдайда UFC чемпионы америкалық Шон Стриклендпен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы кей дереккөздер промоушен басшысы Дана Уайтқа сілтеме жасап хабарлауда, деп жазады Vesti.kz.

Чимаев пен ұйымның жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы, Нигерияның тумасы, әйгілі Камару Усманмен айқасы 21 қазан Абу-Дабидегі UFC 294 турнирінде өтеді. 

Тегі шешен спортшы бұған дейін бразилиялық Паулу Костамен жұдырықтасу керек еді, алайда ол шынтағына ота жасатып, қалпына келе алмады.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport