Чимаев әйгілі Камару Усманмен жекпе-жекке шығады

12 қазан 2023 09:30
©USA Today Sports

UFC ұйымы швециялық файтер Хамзат Чимаевқа жаңа қарсылас тапты. Тегі шешен спортшы бұған дейін бразилиялық Паулу Костамен жұдырықтасу керек еді, алайда ол шынтағына ота жасатып, қалпына келе алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Енді 21 қазан Абу-Дабиде өтетін UFC 294 турнирінде Чимаев ұйымның жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы, Нигерияның тумасы, әйгілі Камару Усманмен айқасқа шығады. 

Еске салайық, бұл кештің басты жекпе-жегінде UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачев пен аустралиялық Александр Волкановскидің қарымта жекпе-жегі болмақ. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport