Чемпиондық маңызды емес. Жұмағұловтан жеңілген ресейлік файтер ғаламат гонорар алған

24 қазан 2019 14:35
© tofight.ru
Ресейлік файтер Али Багаутинов ең жеңіл салмақта Fight Nights Global чемпионы қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен жекпе-жек үшін қанша алғаны белгілі болды.

20 қазан Сочиде өткен жекпе-жекте Жұмағұлов төрешілер шешімімен жеңген. Ал кездесу соңында файтерлер командалары жанжалдасып қалған

Жұмағұловтың жекпе-жегінен кейінгі Багаутинов командасымен жанжалдың мән-жайы айтылды

Fight Nights Global промоушенінің басшысы Камила Гаджиевтің сөзінше, ресейлік файтер бұл жекпе-жек үшін бес миллион рубль алған. 

- Алидің гонорары жоғары. Жалып ол қомақты қаржы алады.

- Али бұл жекпе-жек үшін бес миллион рубль алған деген сыбыс бар. Растайсыз ба, әлде жоққа шығарасыз ба?
- Бес миллион, иә. Бұл ғана емес, Вартан Асатрянмен жұдырықтасқаны үшін де бес миллион алды. Ол бұл ақшаға тұрарлық - Жалғаспен көрсеткен жекпе-жегі үшін де. 

"Көздері алайғанша ұрдым". Жұмағұловтың жекпе-жек кезінде екі қолының да саусақтары шығып кеткен