MMA
18 тамыз 10:56

Чемпиондық белбеуді жеңіп алған Чимаев UFC рейтиннгі жайлы өз ойын айтты

©x.com/ufc

Жеңіліп көрмеген ресейлік файтер Хамзат Чимаев UFC ұйымындағы салмақ дәрежесіне тәуелсіз үздік спортшылар рейтингіндегі өз орны жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

17 тамыз күні Хамзат Чимаев оңтүстік африкалық Дрикус дю Плессиді жеңіп, орта салмақта чемпиондық белбеуді иеленді.

– UFC рейтингінде салмақ дәрежесіне қарамай, өзіңді қай орынға қояр едің? – деген сұраққа:

– Бұл рейтингті кім жасайтыны мен үшін маңызды емес. Бірақ, әрине, мен міндетті түрде бірінші орында тұруым керек, – деді Чимаев ESPN MMA арнасына берген сұхбатында.

Жаңартылған UFC рейтингі 19 тамыз, сейсенбі күні жарияланады. Қазіргі уақытта бұл тізімнің көш басында жеңіл салмақтағы грузиялық чемпион Илия Топурия тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport