"Чемпиондық айқасқа лайық қарсылас емес...". Алекс Волкановски Олимпиада чемпионына жауап берді

28 қыркүйек 2021 18:42
©fight

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Алекс Волкановски өзін әлеуметтік желіде жекпе-жекке шақырған Генри Сехудоға жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Сехудо өзін әлеуметтік желіде батыр сезінеді. Артына қарамай спортшыларды беталды айқасқа шақыра береді. Менің ойымша, Дана Уайтқа бұл кездесу еш қызық емес. Сондықтан Сехудо хабарласқанда UFC президенті телефон тұтқасын да алмайтынына бәс тігем. Әрине, мен кәсіпқой ММА шебері болғандықтан, маған жиі-жиі октагонға шығып тұру керек. Бірақ Генри менімен чемпиондық айқасқа лайық қарсылас емес деп ойламаймын", - дейді аустралиялық файтер.

Еске салайық, жуырда аса жеңіл және жеңіл салмақта UFC-дің, еркін күрестен Бейжің Олимпиадасының чемпионы 34 жастағы Генри Сехудо әлеуметтік желіде Волкановскиді "қортық" деп жекпе-жекке шақырған болатын.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: