Чемпиондығын қорғаған қазақ қарсыласын 30 секундта нокаутқа түсірді

20 ақпан 2023 09:06
©

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Дамир Төленов 30 секундта жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

19 ақпанда ол ең жеңіл салмақта OCTAGON лигасы чемпионы атағын қорғады. Бұл жекпе-жек Алматыда өткен OCTAGON 41 турнирінің басты айқасы болды. 

Жеңіліп көрмеген Төленовтің қарсыласы тәжікстандық Шерзод Ибодилоев еді. Дамир қарсыласын бірінші раундта-ақ 30 секундта нокаутқа түсірді, Ибодилоев үшін бұл ММА-дегі алғашқы жеңіліс. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: