Чемпион Шавкатты сындырып тастамақ. Рахмонов жауап күттірмеді

©IG/shavkatrakhmonov94

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін UFC файтері Шавкат Рахмонов (18-0) ұйым чемпионы Белал Мухаммадтың (24-3) айтқан сөздеріне жауап берді. 

"Мен оны (Рахмоновты) қалай сындыру керегін білемін... Мен оны өзін жайсыз сезінуге мәжбүр етемін, Сол кезде ол мұның бәрі бекер еместігін түсінеді де, ақыры оны мерзімінен бұрын жеңемін", - деген деі Белал. 

Бұған Шавкат былай деп жауап берді:

"Саған дейін 18 спортшы тырысқан, мен олардың бәрін жайраттым. Ал сен UFC-дегі 18 жекпе-жегіңнің үшеуінде ғана қарсыласыңды мерзімінен бұрын жеңгенсің. Белбеу саған құдырет бермейді бауырым, ол сені есуас қылып жіберген сияқты". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар