UFC промоушенінің жеңіл салмағында рейтингте көш бастап тұрған Чарльз Оливейра (33-8) ESPN премиясын иеленді. Белгілі ESPN телеарнасы әзірлеген премияда Оливейра "Жыл спортшысы" номинациясында үздік деп мойындалды.
Үміткерлер арасында жартылай орта салмақта UFC чемпионы Александр Волкановски (24-1), жеңіл салмақта UFC чемпионы Джулианна Пенья (11-4), орта салмақтың чемпионы Камару Усман (20-1) және PFL промоушенінің екі дүркін чемпионы Кайла Харрисон (13-0) болды.
Оливейра 2021 жылы екі жекпе-жек өктізді. Мамыр айында Майкл Чендлерді (23-7) техникалық нокаутпен жеңсе, желтоқсан айында Дастин Порьені (28-7) үшінші раундта сабмишн әдісімен жеңді.
Енді бразилялық файтер октагондағы келесі айқасын 22 қазанда Абу-Даби төрінде Ислам Махачевке (22-1) қарсы өткізеді.