"Біз дайын боламыз!". Дамир Исмагулов UFC ұйымындағы келесі жекпе-жегі жайлы

4 қыркүйек 2021 11:26
©instagram.com/ismagulov_damir/

Аралас жекпе-жекте Ресейдік намысын қорғайтын қазақ спортшысы Дамир Исмагулов (23-1) UFC ұйымында Магомед Мустафаевқа (14-3) қарсы өтетін кездесуі жайлы пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Кездесудің өтетін күні белгілі. Қарсылас та анықталды. 30 қазан күні Абу-Даби қаласында жекпе-жек өткіземіз. Алда қиын дайындық күтіп тұр. Біз дайын боламыз", - деп жазды ол Instagram парақшасында. 

Бұл кездесу UFC 267 турнирі аясында өтеді. 

Еске салайық, Исмагулов UFC ұйымындағы соңғы кездесуін мамыр айында өткізіп, бразилиялық Рафаэль Алваесті (19-10) жеңген еді. Ал маусым айында ол жарақат алып қалған еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: