Единоборства
6 мамыр 2019 14:27
 
Біз Азиядағы ең мықты команда мәртебесін алдық - ММА-дан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері

  Пікірлер

blog.share

Алматыда ММА бойынша Азия чемпиоантынан келген ел құрамасының рекордты жеңісі қорытындыланды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚР аралас жекпе-жек федерациясына сілтеме жасап.

Алматыда 1-4 мамыр аралығында Бангкокта (Таиланд) өткен Азия чемпионатында MMA бойынша Қазақстан құрамасының рекордты жеңісіне орай баспасөз конференциясы өтті.

Құрлықтық біріншілікте қазақстандық спортшылар жеті алтын, тоғыз күміс және бес қола медальға ие болды.

Қазақстанның аралас жекпе-жек федерациясының Бас директоры Уәлихан Тен  құттықтау сөзінде қуанышын жасыра алмай:

"Бұл чепионат тек жақсы сәттерімен есімде қалды. Біз алғаш рет осындай үлкен командада жоғары деңгейдегі чемпионатқа аттандық.  Біздің спортшылар құрлықтық біріншіліктің ең үздік спортшылары болды. Жоғары деңгейдегі жекпе-жек өткізіп, қарсыластарын ойсырата жеңе білді. Чемпионат өте жоғары деңгейді ұйымдастырылғанменен  ашық ауада өтті. Чемпионаттың ашық ауада өтуі басында біздің спортшылар үшін қиындық туғызды. Қиындықтарға қарамай жоғары деңгей көрсеткен, рекордтық медальдар иеленген команда мүшелеріне, спортшыларға алғысым шексіз. Биылғы чемпионатта осыған дейінгі Азия чемпионаттарына қарағанда әлде қайда жоғары көрсеткішке ие болдық. Оған көрермендер де, спортшылар да куә. Алда Әлем чемпионаты бар, біз енді соған дайындықты бастаймыз", - деп түсіндірді Тен.

Өз кезегінде, ММА-дан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Баян Жанғалов команда құрамы жайлы айтып өтті.

"Біздің ұлттық құрамамыз мықты спортшылардан тұрады. Жоспар бойынша 6 алтын аламыз деп барғанбыз, спортшылардың мықтылығының арқасында 7 алтынға ие болып қайттық. Біздің басты қарсыластарымыз Бахрейн, Австралия және Жаңа Зеландия өкілдері болды. Бірақ, біздің спортшылар оларды да жеңе алды. Біз Азиядағы ең мықты команда мәртебесін алдық. Алда бізді әлем чемпионатына іріктеу күтіп тұр, онда бізге Ресей мен Швецияның мықты командаларымен, сондай-ақ Америка мен Африка елдерінің спортшыларымен бәсекелесуге тура келеді. Әр салмақта біздің қарсыластарымыз нығайып келеді. Бәсекелестер өте көп. Дегенмен, біздің басты мақсат,  әрдайым көшбасшылардың үштігіне айналу", - деп атап өтті Жанғалов.

Сондай-ақ, ММА бойынша әйелдер командасының жетекшісі Нұрлан Мамыралиев:

"Барлық құраманы, әсіресе қыздарды құттықтағым келеді. Әйелдер арасындағы ММА деңгейі көтеріле бастады. Бұл бізді қуантады. Жастар арасында жаңа ММА жұлдыздары шығып жатыр. Қыздардың көбі дерлік үлкен жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Соған қарамастан, жоғары деңгейде қарсылас бола алды. Біздің қыздардың деңгейі өте жоғары. Тек талмай әлде де жұмыс жасау керек", - деп атап өтті Мамыралиев.

Бұл жеңістің алдағы уақытта спорттық аренада еліміздің намысын қорғайтын спортшылардың болашақ ұрпақтары үшін зор маңызға ие. Мұндай пікірді NOMAD MMA Федерациясының Президенті Гаджи Гаджиев білдірді.

"Барлықтарыңызды жеңістеріңізбен құттықтаймын. Мұның бәрі біздің маңызды қадам жасағанымыздың арқасында. Біз федерацияларды біріктірдік. Алғашқы нәтижелер көрініп жатыр. Сіздер өскелең ұрпақ үшін үлгі болып табыласыздар, құрметті чемпиондар. Сіздердің арттарыңыздан да жаңа чемпиондар шығып келеді. Жақында ғана балқаш қаласында жасөспірімдер арасында Республикалық турнир өткізген болатынбыз. 300 жуық спортшы қатысқан жарыс, жоғары деңгейде өтті. Нәтиже жаман емес. Болашақ чемпиондар өсіп жатыр деп ойланбастан айта аламын", - деді Гаджиев.

Еске сала кетсек, кіл мықтылар қатысқан жарыста құрама сапынан алтын алғандар: 70 келі салмақта Талшын Жұматаева, 61 келі салмақта Олжас Молдағалиев, 52 келі салмақта Бағдат Жұбаныш, 47 келі салмақта Тұрсын Аян, 83 келі салмақта Мәди Досмұханбетов, 77 келі салмақта Айдын Төлепбаев, 65 келі салмақта Анатолий Золотых.

Күміс иеленгендер: 52 келі салмақта Нұржамал Садықова, 61 келі салмақта Дастан Амангелді, 47 келі салмақта Үкіліай Ахметуәлиқызы, 70 келі салмақта Антонина Котляревская, 52 келі салмақта Ерұлан Қабдұлов, 56 келі салмақта Әділхан Аязбаев, 93 келі салмақта Серік Әбіров, 70 келі салмақта Неймат Асадов, 65 келі салмақта Еламан Шалқымбеков.

Қола жүлдені қанағат тұтқандар: 56 келі салмақта Дархан Өмірбеков, 70 келі салмақта Мәжит Сардаров, 83 келі салмақта Александр Вал, 120 келі салмақта Александр Дя  және 120 келі салмақта Эльдар Кударов.

Жарнама

Живи спортом!