"Біз Алматы мен Нұр-Сұлтанда жаттығу залдарын ашамыз". Хабиб алдағы жоспарлары туралы айтты

2 желтоқсан 2020 17:55
Хабиб Нурмагомедов. Сурет: UFC©

Аралас жекпе-жекте жеңілмеген ресейлік Хабиб Нурмагомедов баспасөз жиыны кезінде бүкіл әлемде Khabib Gym деп аталатын жаттығу залдарын ашуға ниетті екенін айтты,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Тілшінің Абу-Даби қаласында жаттығу залын ашу туралы қойған сұрағына Хабиб былай жауап берді. 

"Менің ойымша, бұл көпшілікке арналған жаттығу залы болады. Ол жерде карьерасын енді ғана бастаған спортшылар мен кәсіпқой спортшылар да шынығады. Жаттығу залдарының бірі Абу-Даби қаласында болады. Бұл мәселе бойынша біз қазір жұмыс істеп жатырмыз. Абу-Дабиден кейін әлемнің басқа елдерінде ашамыз. Мысалы Дубай, Индонезия, Малайзия, Үндістан секілді елдерде залды ашуға ниетті адамдар бар. Бішкек, Ташкент, Нұр-Сұлтан, Алматы, Баку және Душанбеде де ашу ойда бар", - деді Нурмагомедов. 

Еске салайық, бұған дейін Нурмагомедов Gorilla Fighting Championship (GFC) лигасын сатып алған болатын. 


 

Метки: