"Бұлар маған опасыздық жасамайды". UFC ұйымындағы тұңғыш қазақстандық ару жаңа командасы жайлы

Фото: instagram.com/mma.mashka/

UFC ұйымында өнер көрсететін тұңғыш қазақстандық файтер-ару Мария Агапова қазір жаңа командамен жаттығып жатқанын өз әлеуметтік желі парақшасында жариялады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Агапованың айтуынша қазір соққы техникасы бойынша жаңа жаттықтырушысы өте мықты маман және ол осы жаттықтырушы арқасында шеберлігін шыңдай түсетініне сенімді.  

Ал бүгін ол Instagram әлеуметтік желісіндегі Stories бөліміне: "Өзімнің шын отбасыммен жаттығудамын. Бұлар "әдемі" шоу үшін маған опасыздық жасамайды" - деп жазды.

 undefined

 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық файтер UFC ұйымында екі кездесу өткізді. Алғашқы жекпе-жегін өткен жылдың маусымында мезгілінен бұрынғы жеңіспен бастады. Алайда, тамыз айындағы кездесуінде жеңіліс тауып, оны жекпе-жектен кейін бірден ауруханаға алып кеткен еді.