"Бұл не түлкі бұлаң?". Қазақстандық "Бизон" әзірбайжандық қарсыласына

13 тамыз 2022 20:29
©instagram.com/nurzhan_akishev

"Бизон" лақап атты қазақстандық файтер Нұржан Ақышев (13-4) әзірбайжандық Аксин Бабаевқа (22-7) үн қатты, деп хабарлайды Sports.ru.

"Бұл не түлкі бұлаң? Саған менімен жекпе-жек ұсынды, ал сен жоғалып кетіп, басқа файтерді айқасқа шақырып, қашып отырсың. Жеңіл жол іздейтін недеген спортшысың? Жекпе-жекке шықсаңшы, кім мықты екенін анықтаймыз да, одан кейін бірге отырып ас ішеміз! Қорықпа, бауырым, рухыңды оят!" - дейді Ақышев. 

Айта кетейік, екі спортшы Brave лигасында өнер көрсетеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: