"Бұл тек бірінші раунд". Қуат Хамитов босап шыққан соң тағы да мәлімдеме жасады

15 қыркүйек 2020 14:54
Сурет: instagram.com/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Қуат Хамитов қамаудан босап шыққан соң әлеуметтік желісінде тағы бір жазба қалды. 

"Соғысқа қулық та қажет! #БілТекБіріншіРаунд", - деп жазды "Найман әлеуметтік парақшасына салған суретінде. 



Еске салайық, кеше Қуат Хамитовтың видеосы үшін полицияға жеткізілгені хабарланған болатын. Айта кетейік, Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде Қуат Хамитовтың билік өкілдерінің талабына мойынсұнбауға шақырған видеосы таралған еді.



Кейінірек спортшының өз видеосын әзіл үшін шығарғанын, ешкімді жаман әрекетке шақыруға ниетті емес екенін айтты. Ал Ішкі істер департаментінде Қуатовтың әрекетін қылмыс деп бағалады. 


 

Метки: