MMA
Бүгін 09:45
 

"Бұл саған бокс емес". Рахмонов екі дүркін чемпионды қылқындырып алды

  Пікірлер

blog.share

"Бұл саған бокс емес". Рахмонов екі дүркін чемпионды қылқындырып алды ©Vesti.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұзақ уақыт емделген қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жаттығуын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ұзақ уақыт емделген қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жаттығуын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Instagram желісіндегі oraz_coach парақшасында Рахмоновтың жаттығу барысынан видео жарияланды. Кадрларда қазақстандық файтер бокстан екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайға тұншықтыру әдісін жасап жатқанын көруге болады.

"Чемпиондар", - делінген жарияланымдағы жазбада.


Бұған дейін UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде екінші орында тұрған Рахмонов октагонға соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында шыққан. Сол кезде қазақстандық спортшы Иэн Гэрриді төрешілердің шешімімен жеңді.

Жекпе-жектен кейін Рахмоновтың тізесіне қатысты мәселелер туындап, соның салдарынан ол ұзақ уақытқа спорттан тыс қалды. Қазақстандық файтер октагонға 2027 жылдың басына октагонға қаййта оралады деп жоспарланған.

Еске салайық, Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатында екі рет жеңіске жеткен. Ол 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан), ал 2025 жылы Ливерпульде (Англия) өткен әлем біріншіліктерінде алтын иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!