"Бұл қылмыс". Шетелдік сарапшы қазақ спортшының келесі жекпе-жегіне қарсы

21 қыркүйек 2021 09:58
©Reuters

Аралас жекпе-жек маманы голландиялық Марсел Дорф Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ресейлік қазақ Дамир Исмағұловты отандасы Магомед Мустафаевпен жекпе-жекке шығару туралы UFC шешіміне наразы екенін айтты.

Жекпе-жек 30 қазан Абу-Дабидегі UFC 267 турнирінде өтеді.

"Дамир Исмағұловтың Магомед Мустафаевқа қарсы жекпе-жегі - бұл қылмыс. Бұл салмақта рейтингін қорғау керек файтерлер аз емес. Алайда UFC өте қауіпті бәсекелестерді бір-біріне қарсы қойып отыр. Оның үстіне жеңіске жеткені топ тізімге енеді дегенге де кепіл жоқ. Исмағұлов та, Мұстафаев та бабында сияқты. Оларды өзге рейтингтік айқастарда көргіміз келеді. Бұл да тамаша жекпе-жек, бірақ, бұл олардың ілгерлеуіне ғана әсер етпейді. Екеуінің қайсында басымдық барын айта алмаймын, екеуі де мықты. Бұл жігіттердің бірін жеңіліс біраз уақыт тоқтатып қояры өкінішті", - деп атап өтті Дорф.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport