"Бұл Голливуд киносы емес, оның ашулы жыртқышқа қарсы мүмкіндігі жоқ". Шетелдік сарапшы қазақстандықтың келесі қарсыласы туралы

21 маусым 2021 20:39
Сурет: Lowking.pl

Сagesidepress.com шолушысы Алекс Стивенсон қазақстандық Шавкат Рахмонов (13-0) бразилиялық Мишель Празереске (26-3) еш мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен жеңеді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол қазақстандықтың жеңісіне бәс тігіп оңай олжаға кенелуге болады деп айтқанын нықтай түсті. 

"Қазақстандық проспект - нағыз жыртқыш. Ол өзге спортшылардың бәрінен қызықтырақ әрі болашағы зор көрінеді. Ол Празерестен 13 жас кіші, одан бойшаң және жылдам. Мишель қанша тәжірибелі болғанымен, екі жыл шаршы алаңға шыққан жоқ. Бұл сіздерге Голливудта түсіретін кино емес. Жеңіске деген құлшынысы зор және ашулы Шавкатқа қарсы оның еш мүмкіндігі жоқ. Бұл қазақстандықтың жеңісіне бәс тіккен кез келген адамға жеңіл ақша әкелетініне сенімдімін", - дейді Стивенсон. 

Рахмонов - Празерес жекпе-жегі 26-маусым Лас-Вегаста өтеді. Бұл Рахмоновтың UFC промоушеніндегі екінші айқасы болады. 

Жаңалықтар