"Бүкіл әлемге қазақтың рухын танытам". Нокаутшы файтер әлемнің ең мықты промоушніндегі жекпе-жек жайлы

25 ақпан 2020 10:13
Қазақстандық ММА файтері Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 21 наурыз UFC Fight Night 171 турнирінде Лондондағы О2 аренасында өтеді. Қазақстандық спортшының қарсыласы 33 жастағы польшалық Бартош Фабински (14-3), ол әлемнің ең атақты промоушнінде төрт кездесу өткізген. 

"UFC-дегі алғашқы жекпе-жегім Қазақстан үшін тарихи оқиға болады. Бүкіл әлемге қазақтың рухын танытуға және жеңіс жолымды UFC-де жалғастыруға дайынмын", - деп келтіреді Рахмоновтың сөзін UFC Russia.



Айта кетейік, 25 жастағы Рахмонов бірінші қазақстандық файтер ретінде UFC тарихына кірген. Ол карьерасындағы 12 жекпе-жектің барлығын нокаутпен жеңген.