"Бұдан да мықты болып ораламыз". Жұмағұлов UFC ұйымындағы жеңілісі туралы пікір білдірді

12 шілде 2020 09:21
Сурет: UFC
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші жеңілсі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Сондай-ақ ол қолдау көрсетіп жанкүйер болған отандастарына рақмет айтып, алдағы уақытта жанкүйерлерін қуантатынын айтты. 

Еске салайық, Жұмағұлов бразилиялық Раулиан Пайвамен кездесіп, төрешілердің күмәнді шешімі бойынша жеңілді. Оның UFC ұйымындағы бірінші кездесуі Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" өтті. 

"Ассалаумағалейкум барлығыңызға, Қолдап көрсетіп, жанкүйер болғандарыңызға рақмет. Ештеңе етпейді. Бұдан да мықты болып ораламыз. Мұндай қиын сәтті бүгін елімді қуанта алмадым. Бірақ алдағы уақытта қуантамын. Барлығыңзға рақмет. Бұдан да мықты боламыз", - деді Жұмағұлов.