"Бітпеген іс бар, інішек". Қайрат Ахметов белгілі қарсыласын текетірес нүктесін қоятын айқасқа шақырды

Сурет: One Championship

"Қазақ" лақап атты ММА файтері Қайрат Ахметов (24-2) бразилиялық Адриано Мораеспен (19-3) үшінші рет жекпе-жек өткізгісі келеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

 Спортшылар One Championship турнирі аясында екі рет жұдырықтасқан: 2015 жылы Ахметов төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетеді, ал екі жылдан кейін бразилиялық қарымтасын алды. Енді қазақ спортшы осы текетірестің нүктесін қойғысы келеді. 

 "Бітпеген ісіміз бар, інішек. Трилогия уақыты келді", - деп жазыпты Ахметов Instagram желісінде. 

Метки: