Бірінші соққыдан. Ауыр салмақтағы қазақстандық бірінші айқасында 13 секундта есінен танды

Видеодан алынған кадр

Қазақстандық файтер Константин Солдатов Brave Combat Federation атты белгілі ММА промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz. 

Ол Бахрейнде өткен Brave CF 50 турниріне қатысып, жеңіліп көрмеген швециялық проспект Антон Туркалджбен жұдырықтасты. Кездесу 95 келі аралық салмақта өтті.

Бұл жекпе-жек 13 секундта аяқталды. Швециялық спортшы қазақстандықты терең нокаутқа түсірді. 

Бір қызығы, Туркалдж шаршы алаңнан бірден қашып шықты. Ал бұл нокаут промоушен тарихындағы ең жылдам болды.