Бірінші раундтан асырмады. Қазақстандық файтер қыздың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінің видеосы

14 маусым 2020 12:00
Reuters©️
Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC-дегі дебют кездесуін жеңіспен аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін Агапова Лас-Вегаста UFC Fight Night 172 турнирінде алғашқы кездесуін өткізді. Ол америкалық Ханна Сайферспен жекпе-жекке шықты, қазақстандыққа қарсыласы бір апта бұрын ғана тағайындалған. Өйткені, бастапқыда қарсылас ретінде жоспарланған бразилиялық Мелисса Гатто АҚШ-қа виза ала алмаған.

23 жастағы қазақстандық жекпе-жекті сергек бастап, қарсыласын бірінші раундта-ақ қылқындыру әдісі арқылы жеңді.



Агапова UFC-те дебют жасаған еліміздегі алғашқы қыз. Мұның алдында ол өзінің туған қаласы Павлодарға қайтып оралмайтынын мәлімдеген болатын.

Метки:
UFC