жаңа тег қосуСлайдшоу қарау (пробел)ПаузаАртқаАлғаОрнынан көшіруЖабу (Esc)Толық көлеміне ашуСуретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC-дегі дебют кездесуін жеңіспен аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін Агапова Лас-Вегаста UFC Fight Night 172 турнирінде алғашқы кездесуін өткізді. Ол америкалық Ханна Сайферспен жекпе-жекке шықты, қазақстандыққа қарсыласы бір апта бұрын ғана тағайындалған. Өйткені, бастапқыда қарсылас ретінде жоспарланған бразилиялық Мелисса Гатто АҚШ-қа виза ала алмаған.
23 жастағы қазақстандық жекпе-жекті сергек бастап, қарсыласын бірінші раундта-ақ қылқындыру әдісі арқылы жеңді.