Единоборства
23 шілде 13:53
 

Бірінші раундтағы нокаут! Жеңілмеген қазақ UFC-ге іріктеу финалына өтті

  Пікірлер

blog.share

Бірінші раундтағы нокаут! Жеңілмеген қазақ UFC-ге іріктеу финалына өтті ©Видеодан кадр

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдрыс "UFC – The Ultimate Fighter" атты белгілі реалити-шоудың 33-маусымының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдрыс "UFC – The Ultimate Fighter" атты белгілі реалити-шоудың 33-маусымының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ең жеңіл салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жекте жеңіліп көрмеген Әліби венесуэлалық Ройберт Эчеверриамен айқасып, бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңіске жетті.

Финал қашан және кіммен өтеді?

Ең жеңіл салмақтағы финалдық айқас 16 тамыз күні өтеді. Қазақстандық спортшының қарсыласы екінші жартылай финалдық жекпе-жектен кейін белгілі болады, онда америкалық Джозеф Моралес пен мексикалық Иманол Родригес кездеседі.

UFC-ге жол ашатын мүмкіндік

Айта кетейік, Әліби Ыдрыс "The Ultimate Fighter" шоуының 33-маусымына қатысушылардың бірі атанған болатын. Бұл жоба UFC ұйымына өтуге мүмкіндік беретін байқау ретінде белгілі. Екі салмақ дәрежесінде өтетін финалдық жекпе-жектер UFC промоушенінің нөмірлік турнирінде ұйымдастырылады. Финалда жеңіске жеткен спортшылар UFC-мен толыққанды келісімшартқа қол жеткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!