"Бірінші раундта құлатпасаң... " Дастин Порье МакГрегорға ақыл айтты

сурет: reuters

UFC-дің бұрынғы уақытша чемпионы Дастин Порье Конор МакГрегормен кездесуі алдында баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Менің ойымша, Конор талып түседі. Өзіңді қаншалықты мықтымын деп ойлайсың? Өткен жолы сені нокаутқа түсіргенмін. МакГрегордың орнында болсам, бірінші раундта-ақ мәселені шешіп тастар едім. Себебі, бірінші раундта құлатпасаң, жағдайың қиын болмақ. Одан кейінгі раундтарда сені жеңемін", - дейді Порье Sherdog сайтына берген сұхбатында.

Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы кездесу 11 шілдеге қараған түні өтеді. Қос спортшы арасындағы 2014 жылғы алғашқы айқаста ирландиялық нокаутпен жеңіске жетсе, 2021 жылдың қаңтарында Порье нокаутпен жеңген болатын.

Метки: