Бірінші раундта. Жалғас Жұмағұлов UFC-де нокаутпен жеңілді

5 желтоқсан 2021 09:47
©Трансляциядан скрин

Өте жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC промоушеніндегі төртінші кедесуін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 44 турнирінде қазақ файтер анголалық Манел Капемен жұдырықтасып, бірінші раундта нокаутпен жеңілді.

Спортшылар тік тұрып жұдырықтасты, Жұмағұлов белсенді болып, соққыларын өткізіп жатқан. Алайда раунд соңына таман Жалғас дәл соққы өткізіп алып, құлады. Бірден аяққа тұрғанына қарамастан, Капе сәтін жібермей Жалғасты соққылар астына алады. Осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Жұмағұлов үшін бұл UFC-дегі нокаутпен бірінші жеңіліс. Жалпы ол үш рет жеңіліп, бір рет қана жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport