"Бірінші раундта-ақ". Хамзат Чимаев UFC-дің жаңа чемпионын жекпе-жекке шақырды

13 қараша 2022 14:46
©instagram.com/khamzat_chimaev

Шыққан тегі шешен, бірақ Швеция намысын қорғайтын Хамзат Чимаев орта салмақта UFC ұйымының жаңа чемпионы бразилиялық Алекс Перейраны жекпе-жекке шақырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бүгін, 13 қараша күні Нью-Йорк (АҚШ) қаласында өткен UFC 281 турнирінің басты айқасында Перейра Исраэль Адесаньяны жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленген болатын. 

"Маған бұл жігітпен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік беріңіздерші. Бірінші раундта-ақ жеңіп тастаймын. Бразилияда да кездесуге дайынмын. Чемпион, келіс!", - деп жазды Чимаев Twitter парақшасында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport