Шыққан тегі шешен, бірақ Швеция намысын қорғайтын Хамзат Чимаев орта салмақта UFC ұйымының жаңа чемпионы бразилиялық Алекс Перейраны жекпе-жекке шақырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бүгін, 13 қараша күні Нью-Йорк (АҚШ) қаласында өткен UFC 281 турнирінің басты айқасында Перейра Исраэль Адесаньяны жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленген болатын.
"Маған бұл жігітпен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік беріңіздерші. Бірінші раундта-ақ жеңіп тастаймын. Бразилияда да кездесуге дайынмын. Чемпион, келіс!", - деп жазды Чимаев Twitter парақшасында.