"Бірінші мұсылман, содан кейін...". UFC файтері Хабибтің мойнына міндет жүкетді

26 маусым 2020 15:05
Сурет: MMABoxing.ru
UFC промоушенінде өнер көрсететін ресейлік файтер Ислам Махачев жеңіл салмақта ұйым чемпионы Хабиб Нурмагомедов туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды sports.ru

"Хабиб бірінші кезекте өзін мұсылман ретінде танытты. Содан кейін ғана ол мықты файтер және UFC чемпионы. Ол үлгі болу қажет. Нағыз мұсылман қандай болу керектігін көрсетуі міндет. Теледидардан көрсетіп жатқан мұсылман сымақтар сияқты емес. Өзге елде бүлік жасап жүрген", - дейді Махачев. 

Менеджер Хабиб пен Гэтжи жекпе-жегінің уақытын айтты

Еске салайық, 31 Хабиб Нурмагомедов ММА-дегі 28 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.