Бірінші минутта. Жалғас Жұмағұлов UFC-де аяғын сындырып алған

8 желтоқсан 2021 12:22
©9sportnews.com

Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-6) UFC жекпе-жегі кезінде жарақат алған, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 44 турнирінде анголалық Манел Капеге (17-6) қарсы айқаста болды. Жұмағұлов ол кездесуде нокаутпен жеңілді.

"Бірінші минутта аяғымды сындырып алдым. Альхамдулиллах мықтырақ болып ораламыз", - деп жазыпты Жұмағұлов Instagram желісінде, рентген суретін қоса жариялап. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: