Единоборства
20 тамыз 10:52

Бірінші қазақ! Шавкат Рахмонов UFC чемпионын ығыстырды

©Тұрар Қазанағпов

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық Шавкат Рахмонов алғаш рет салмақ дәрежесіне қарамастан (Pound-for-Pound) үздік файтерлер рейтингіне кірді. Ол 15-орынға жайғасып, бұл тізімнен жеңіл салмақтағы экс-чемпион бразилиялық Чарльз Оливейраны ығыстырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рахмонов беделді P4P рейтингіне енген алғашқы қазақстандық.

Жаңартылған тізімде бірден шақырқатаған - Біріккен Араб Әмірліктері атынан өнер көрсететін Хамзат Чимаев. Ол титулдық айқаста оңтүстікафрикалық Дрикус Дю Плессиді жеңген соң, бірден 10 сатыға көтеріліп, қазір 4-орынға жайғасты.

Рейтинг көшін испандық Илия Топурия бастап тұр.

Pound-for-Pound рейтингі:

Илия Топурия
Ислам Махачев
Мераб Двалишвили
Хамзат Чимаев (+10)
Алешандре Пантожа (-1)
Александр Волкановски
Магомед Анкалаев
Джек Делла Маддалена
Том Аспиналл
Алекс Перейра
Дрикус Дю Плесси (-7)
Макс Холлоуэй (-1)
Белал Мухаммад (-1)
Арман Царукян (-1)
Шавкат Рахмонов (жаңа)

Еске салайық, Шавкат Рахмонов кейінгі жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, төрешілер шешімімен ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport