Бірінші қарсылас нокаутта. Қазақ файтер 20 күн ішінде үш жекпе-жекке шығады

31 тамыз 2022 09:37
©Fight Nights Global

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Сәбит Жүсіпов 20 күнде үш жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sports.ru.

Бұл "марафонды" ол 21 тамыз Нұр-Сұлтанда өткен Eagle FC 50 турнирінде бастап, бірінші раундта тәжікстандық Умиджон Мусаевты нокаутқа түсірді. 

Одан кейін Сәбит Алматыға ұшып шықты, мұнда ол Naiza лигасының гран-приінде Tobet Top Team командасы үшін айқасады. 

Одан кейін спортшы 10 қыркүйек Атырауда өтетін Mergen FC лигасында әзірбайжандық Руслан Маммадовпен жұдырықтасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: