MMA
28 сәуір 2021 18:00

Британдық маман Рахмоновтың UFC ұйымындағы келесі кездесуінің маңыздылығын айтып берді

Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

Аралас жекпе-жек (ММА) файтері қазақстандық Шавхат Рахмоновтың (13-0) бразилиялық Мишель Празерспен (26-3) өтетін UFC ұйымындағы екінші кездесуі маңызды болмақ. Vesti.kz тілшісімен болған әңгіме барысында британдық ММА Plus спорт сайтының журналисі Бен Смит осылай пікір білдірді. Сарапшы қазақстандықтың стиліне баға берді.  

Осыдан бірнеше уақыт бұрын кездесу 26 маусым күні UFC ұйымының қатардағы сайыстарының бірінде өтетіні белгілі болған еді. Өтетін орны мен кеш атауы туралы әлі ақпарат жоқ.

"Шавхат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді. Мамандар мен жанкүйерлердің көзіне бірінші жарқын кездесуден түсіп қалған оны қазір аудиториясы күтуде. Оның стилі ерекше, посткеңестік елдердің өзге файтерлеріне ұқсамайды. Ол жекпе-жектерін мерзімінен бұрын аяқтайтын, соққысы ғажап спортшы. Оның Празерспен болатын кездесуі аса маңызды деп ойлаймын. Егер ол тағы да көрнекі ойын көрсетсе, UFC мамандарының көзқарасы өзгерері анық. Рахмонов - "жабайы" файтер. Ол аш және ашулы, алайда оған әлі көп дүниені үйрену қажет. Әсіресе алаңда. Қазақстандық тым ұяң, ал бұл UFC мүшесі үшін бонус болып есептелмейді" - дейді Смит өз сөзінде. 

Естеріңізге сала кетейік, Рахмонов UFC ұйымындағы дебютін өткен жылы қазан айында жасады. Ол тағы бір бразилиялық спортшы Алекс "Кобвой" Оливейраны (22-9-1-2) бірінші раундта жеңген еді. Празерс Шавхаттың үшінші бразиялық қарсыласы болмақ.