"Бірден сабасына түсіреміз". Жалғас Жұмағұлов жастарды қалай тәрбиелейтінін айтты

4 желтоқсан 2021 07:07
©avestnik

Жеңіл салмақта UFC промоушынында ел намысын қорғап жүрген Жалғас Жұмағұлов Қазақстандағы жаттығу залдарында жастарды қалай тәрбиелейтінін айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі "СЭ" басылымына сілтеме жасап.

- Жалғас, бірнеше жыл бұрын сен жаттығу залында темірдей тәртіптің барын айтып едің. Мәселен жуыну бөлмесіне кіргенде жастар үлкендерге орын береді дегенсің. Бұл дәстүр әлі күнге дейін сақтала ма?

- Әлбетте сақталды. Егер үлкендер жуыну бөлмесіне кірсе кішілер міндетті түрде орындарын береді. Егер үлкен отырса, кішісі тұрып қызмет етеді. Бұл біздің менталитетімізде қалыптасқан нәрсе. Солай жалғаса береді де. Кезінде үлкендер бізді тәрбиелеген. Біз де кішілерге соны үйретеміз. Біздің залымызда жастардың бәрі тәрбиелі жігіттер. Әрқайсы ер мінезді спортшылар.

- Кейбір жастардың бұл тәртіпке бағынбаған кездер болды ма? Мысалы "мен жуынып жатырмын, орнымды бермеймін" деген сәттер орын алды ма?

- Ондайларды бірден сабасына түсіреміз. Шынымды айтсам, өз басым жастарды сабап тұрам. Барлығына қол жұмсаймын. Бетінен болмаса да бүйрегінен ұрам. Бір шапалағын берем.

Еске салайық, 5 желтоқсанға қараған түні жерлесіміз UFC Vegas 44 турнирінде анголалық Манела Капемен айқасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: