Аралас жекпе-жектің (ММА) ардагері Вандерлей Силва Bare Knuckle Fighting Championship (BKFC) промоушені суперауыр салмақта бокстан бұрынғы абсолют чемпион Майк Тайсонмен жекпе-жек үшін 10 милион ұсынғанын айтты.
Айта кетейік, BKFC жекпе-жектері қолғапсыз, жалаң қолмен өтеді. Файтерлер тек қолымен ұрады, ал кездесу форматтары үш және бес раундтан.
"Олар маған он миллион доллар және оған қосымша ақылы трансляциядан пайыз беретінін айтты, мен бірден келістім. Фельдман (BKFC президенті) мұны ұйымдастыра алады деген үміттемін", - деп келтіреді Силваның сөзін Sherdog.
Америкалық промоушен Тайсонға ММА аңызымен жекпе-жек үшін 20 миллион ұсынады