"Бірден келістім". Жандос Исабеков Alash Pride 68 турнирі жайлы

9 қыркүйек 2021 15:30
©Vesti.kz

Алматыда аралас жекпе-жектен Alash Pride 68 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Аталмыш жарыста қазақстандық ММА шеберлерінен бөлек көрші қырғыз бен өзбек және Ресей елінің өкілдері сынға түскенін айта кеткен жөн. Кештің басты айқасында жерлесіміз Жандос "Қасқыр" Исабеков өзбек спортшысы Бобур "Кин Конг" Абдулазизовты бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.

"Бұл жекпе-жекті келіншегім мен жақын достарым көрді. Мұндай айқасқа шығар кезде ата-анама айтпаймын. Себебі олардың жүрегін ауыртқым келмейді. Қанша дегенімен уайымдайды. Шынымды айтсам, Алайш Прайдтың 8 қазанында өтетін турниріне дайындалып жатқам. Алайда осы кездесуге бір апта қалғанда Данияр Қасқарауов ағамыз хабарласып, қыркүйектегі айқасқа шығуымды сұрады. Ол кісі біздің өмірлік ағамыз болғандықтан, сөзін жерге тастай алмадым. Бірден келістім. Осылайша қарсыласымды бір апта қалғанда ғана біліп, тыңғылықты жаттығу жасадым. Мен үшін бұл жекпе-жек жеңіспен аяқталғанына қуаныштымын", - дейді Исабеков.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: