Бразилиялық файтер қазақ спортшымен NFC турнирінде жекпе-жекке шығудан бас тартты

30 қыркүйек 2021 11:21
©NFC

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық файтер Серік Разығалиевтің (6-1) Naiza Fighting Championship турниріндегі қарсыласы ауысып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдің басты айқасында Серік бразилиялық Родриго Лимамен (7-2) жұдырықтасу керек болатын. Алайда ол жекпе-жекке шығудан бас тартты, себебі белгісіз. 

Бразилиялықтың орнын қырғыз спортшы Бекзат Искаков (5-1) басты. Бұл кездесу 3 қазан "Алматы Арена" шаршы алаңындағы NFC 34 турнирінде өтеді.

Қырғызстандық файтер қатарынан бес жеңіс сериясымен келеді, ал кейінгі үшеуін сабмишенмен аяқтаған. 

Разығалиев болса кейінгі жекпе-жегінде өзге қырғызстандық Манас Темирбековты (13-8) екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: