MMA
20 қараша 2022 18:32

Бразилиялық бапкер Жұмағұлов пен Джонсон кездесуіндегі төрешілерді сынап тастады

©UFC

American Top Team жаттығу залының бразилиялық бапкері Маркос Паррумпа Жалғас Жұмағұловтың UFC ұйымындағы соңғы айқасында қазылық еткен төрешілерді сынап тастады. Оның айтуынша, төрешілер тағы да Жұмағұловтан жеңісті тартып алған, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Кеше түнде Жұмағұлов Fight Night 215 турнирінде америкалық Чарльз Джонсонмен (12-3) кездесті. Айқас Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтіп, төрешілер шешімі бойынша айқас Джонсонның пайдасына аяқталды. 

"Төрешілер мұны тағы қайталады. Жұмағұловтың екінші жекпе-жегіндегі жеңісін тартып алды", - деп жазды Паррумпа әлеуметтік желісінде.  

Еске салайық, Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өткен UFC Fight Night 215 турнирінде Жұмағұлов төрешілер шешімі бойынша америкалық Чарльз Джонсоннан (12-3) жеңілді. Бұл отандасымыздың UFC ұйымындағы бесінші жеңілісі болды. Осы айқастан кейін Жалғас карьерасын аяқтайтынын хабарлады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport