BRAVE CF 66 турнирінде Асу Алмабаев пен жеңілмеген филиппиндіктің айқасына тікелей трансляция

26 қараша 2022 11:00
©M-1 Global

Бүгін, 26 қараша күні Асу Алмабаев (16-2) BRAVE CF 66 турнирінің басты айқасында шығады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Жекпе-жек кеші Индонезияның Бали аралында өтеді.

Алмабаев Мухаммад Идрисовті алмастырған филиппиндік Кеннет Манингатпен (6-0) шығады.

Жекпе-жектер Астана уақытымен 16:00-де басталады. Трансляцияны DAZN стримингтік платформасы ұйымдастырады. Алмабаев пен филиппиндік спортшы шамамен кешкі сағат 18:00-ден кейін басталады.

Еске салайық, Алмабаев соңғы екі айқасын төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport