Шанхайда өткен UFC Fight Night 257 турнирінде ең жеңіл салмақтағы британиялық файтер Лонир Кавана карьерасында алғаш рет жеңілісіке ұшырады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл кеште оның қарсыласы тәжірибелі америкалық Чарльз Джонсон болды.
Кавана жекпе-жекті толық бақылауында өтііпжатқан еді: англиялық спортшы соққы алмасуда да, сондай-ақ партерде де сенімді көрінді, белсенді әрекет етіп, жиі дәл соққылар жасады. Алайда екінші раундтың соңы ол үшін ауыр аяқталды - Джонсон қарсы соққымен Кавананы ауыр нокаутқа түсірді. Төрещшщші жекпе-жекті бірден тоқтатты.
Чарльз Джонсон үшін бұл кәсіби карьерасындағы 18-ші жеңіс (7 жеңіліс), ал Кавананың рекорды – 9-1.
Айта кетейік, Джонсон бұған дейін қазақстандық екі файтермен октагонға шыққан: 2022 жылы ол Жалғас Жұмағұловты төрешілердің бөлек шешімімен жеңсе, екі жылдан кейін Азат Мақсұмнан басым түсті.