Бір соққы шешіп кетті. "Баскесермен" айқаста нокаутқа дейін төрешілер есебімен Арман жеңіп жатқан

11 маусым 2021 12:43
Сурет: pflmma.com

Қазақстандық файтер Арман Оспановтың (11-4) америкалық Крис Уэйдпен (19-6) жекпе-жегіндегі төрешілер жазбасы жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Атлантик-Ситиде өткен PFL 4 турниріндегі айқастың екінші раундында 33 жастағы америкалық Арманды нокаутпен жеңіп отыр. Ал оған дейін үш төрешінің екеуі 10:9 есебімен "Сұңқар" жеңіп келе жатқанын көрсеткен.