"Бір ер шықпады ма?". Қуат Хамитов қазақстандық футболшыларға "батырып" айтты

©instagram.com/kuat__khamitov/

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Instagram желісі арқылы қазақстандық футболшыларға үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жігіттер үндеу. Мен осы футбол тақырыбын 16-17 жылдан бері көтеріп келе жатырмын. Сол 2016-17 жылдан бері араларыңнан бір ердің шықпағаны ма? Бүкіл футбол қауымдастығынан? Бәрің ауылдан шығарсыңдар, көріп жүрсіңдер ғой - жол жоқ ауылда, медицина, аурухана, жедел жәрдем көлігі жоқ, не жұмыс жоқ. Жастар немен айналысарын білмейді. Енді осы футболшылардан бір адам шықпады осы күнге дейін "жігіттер халықтың ақшасын алғанды тоқтатайық, 30 жылда футболға 1,5 миллиард ақша кетті. Көрсетіп жатқан нәтиже жоқ. Не бір жарыс ұтпадық. Әлемдік рейтингте 99-100-орында тұрмыз. Халықты тонағанды тоқтатып, демеушіні өзіміз тауып, шамамыз келгенше өзіміз нәтиже көрсетейік" дейтін бір жігіт шыға ма деп күтіп едім!", - дейді Хамитов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport