Единоборства
2 наурыз 2022 08:01

Бір адамға оқ тиген. UFC экс чемпионы қамауға алынды

©blog.daum

Ауыр салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Кейн Веласкес бір адам жарақат алған атысқа қатысы бар деген айыппен қамауға алынды. Зардап шеккен ер адамның өміріне қазір қауіп жоқ,  деп хабарлайды "Чемпионат".

Мәлімет көзінің ақпаратына жүгінген NBC Bay Area басылымының хабарлауынша, Веласкес Калифорния штатындағы Морган Хилл қалашығында атысқа қатысы болған. Сан-Хосе басқармасының полицейлері оқиғаны тергеуге алды.

Дегенмен Веласкестің атысқа қандай қатысы бар екені айтылмады. Спортшы кепілге шығу мүмкіндігінсіз Санта-Клар округінің абақтысында қамаулы. Әзірге оған нақты айып тағылмаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport