"Боратқа кешірім болмайды". Жұмағұловтың UFC ұйымындағы қарсыласы қазақстандыққа сес көрсетті

9 қараша 2021 16:43
©UFC

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін анголалық спортшы Манел Капе қазақстандық Жалғас Жұмағұловты "Боратқа" теңеп, сес көрсетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл спортшылардың айқасы 4 желтоқсанда Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) UFC Fight Night 199 турнирінде өтеді. Бұл Жұмағұловтың UFC ұйымымен жасаған жаңа келісімшарты бойынша бірінші жекпе-жегі болмақ. Кездесу алдында қарсылас тағы да қазақстандық спортшының шамына тиді. 

"4 желтоқсан күні Боратқа кешірім болмайды", - деп жазды Капе Instagram парақшасында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: