"Бопайдың" қатысуымен өткен жекпе-жек нокаутпен аяқталды

©Astana Patriots Fight Club

Қазақстандық ММА шебері Зәмзәгүл "Бопай" Файзолланова (7-2) америкалық PFL лигасында Бразилиядан келген Ларисса Пачекомен (16-4) октагонда кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бірінші раундта бірнеше соққы өткізген отандасымыз қарсыласына қарсы қауқарсыз болды. Нәтижесінде айқас нокаутпен аяқталды.

"Бопай" кәсіпқой карьерасында 2015-2018 жылдары жиі жекпе-жектер өткізіп, кейін үш жыл үзіліс алды. 2021 жылы қайта бабына келіп, өзбекстандық Хожинисо Комолдинованы төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Ал Ларисса Пачеко болса 15 кездесуінің он төртін уақытынан бұрын жеңіп келген UFC промоушнының бұрынғы өкілі. PFL лигасында алты айқастың тек екеуінде ғана лига чемпионы Кайла Харрисонға есе жіберген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport