"Бопайдың" Америкадағы алғашқы жекпе-жегіне тікелей трансляция

©Fight Nights

Ертең, 7 мамыр күні АҚШ жерінде қазақстандық Зәмзәгүл "Бопай" Файзолланова (7-1) PFL лигасында алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз UFC промоушенінің бұрынғы спортшысы бразилиялық Ларисса Пачекомен (15-4) күш сынасады.

Арлингтонда (Техас, АҚШ) өтетін айқас елорда уақытымен 04:00 басталады. Ол кеште 11 жұп бар. Файзолланова октагонға 7-жұпта шығады және кездесу шамамен таңғы сағат 06:00 басталады.

Қазақ қызының Америкадағы алғашқы жекпе-жегін PFL лигасның YouTube арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport